Педагогтармен жүргізілген семинар тренинг. Тақырыбы: «Педагогикалық қарым қатынас стилі – кәсіби құзыреттіліктің негізі».
Зерттеу жұмысының мақсаты: Педагогтардың арасында жағымды қарым қатынас орнату, педагогтардың оқушылармен қарым-қатынас стилін анықтау, педагогикалық қарым қатынас стильдеріне анықтама беру, тренинг элеметтері арқылы қатысушыларға кез-келген жағдайда бірігіп тез шешім қабылдауды қалыптастыру.
Жүргізілген жұмыс:
1. «Бумба-юмба» қоғамы. Мақсаты: Педагогтардың арасында жағымды қарым қатынас орнату.
Біз«Бумба-юмба» қоғамына тап болдық деп елестетіп, сол жақтың адамдары сияқты бір-бірлерімізбен амандасып алу үшін бір рет шапалақ соғылылып сигнал берілгенде, 2 адамнан бөлініп, біз бірлерімізбен шынтақтарымызбен бір-бірлерімізге тигізіп, шапалақ екі рет соғылып, сигнал берілгенде, арқаларымызды бір-бірлерімізге тигізіп, амандасып алды.
2. Диагностика «Қарым-қатынас ағашы».
Мақсаты:Педагогтардың оқушылармен қарым-қатынас стилін анықтау.
Педагогтардың оқушылармен қарым-қатынасымыз қандай екенін білу үшін, көрсетілген светофор түріндегі үш түстің біреуін таңдап қолдарыңызды көтеру керек болған. Таңдаған түстері бойынша жалпы процент нәтижесілері мынадай:
- 5% «Қызыл» түсті таңдады, яғни конфликті қарым-қатынас, авторитарный тип стильін колданатын мұғалімдерге жатады.
- 20% «Сары» түсті таңдады, яғни либералдық типті қарым-қатынас стилі, яғни сізде ештеңеге қызығушылық жоқ дегенді білдіреді.
- 75% «Жасыл» түсті таңдады, яғни оқушылармен белсенді қарым-қатынас стильді дегенді білдіреді, бұл жақсы көрсеткіш.
3. «Қаламмен жүгіру» ойын жаттығуы.
Мақсаты: Қатысушыларға кез-келген жағдайда тез шешім қабылдап, жұптарымен жұмыс істеуді үйретеді.
Қатысушылар екі адамнан жұпқа бөлініп, екі саусақтарының арасына қалам, ручка немесе фломастер қойып, жүргізушінің белгісінен кейін, қарама-қарсы қабырғаға ұстаған қаламдарын түсіріп алмай жетулері керек болған. Ойын өте қызықты болды, педагогтар бір сергіп алды.