Оқуға құштар мектеп » «Мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар № 33 жалпы білім беретін орта мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Алматинская область Управления образованияның
Талғар ауданы бойынша білім бөлімі
мемлекеттік мекемесінің «№33 жалпы білім беретін орта мектебі»
отдела образования Кербулакского района
Приемная
+7(72774) 53200
Бухгалтерия
+7(72774) 53200
Версия для
слабовидящих
19
октябрь
2021

Оқуға құштар мектеп

   Қазіргі таңда елімізде оқушы жастардың кітап оқымайтыны туралы жиі айтылатыны жасырын емес. Жалпы, оқушылар кітап оқымай ма, әлде мектеп оқушылары қызығып оқитын көркем әдебиеттер жоқ па деген сұрақтың да ойға оралатыны анық. Жас жеткіншектерді «кітап оқымайды» деп бекерге кінәлай бергенше олар қызығып оқитын кітаптарды көптеп шығарып, алыс ауылдардағы мектептерге таратудың маңызы зор. Осы орайда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы аясында ҚР Білім және ғылым министрлігі орта білім саласында «Оқуға құштар мектеп» жобасын қолға алды.
Олар оқушылардың қызығушылығын оятпайтыны анық. Сондықтан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев білім саласын Жол картасын дамыту бағдарламасында мектеп кітапханаларын қажетті көркем әдебиеттермен қамтамасыз ету мәселесін тапсырған болатын. Осы ретте біздер Президент тапсырмасын зерделей келе, кітапхана қорын қызықты кітаптармен байыту ісін алдағы бес жылды толықтай қамтамасыз етуді көздеп отырмыз. «қысқаша баяндап берді.
Міне, мәселе қайда жатыр. Әдетте ақын-жазушылар бірінің аузына бірі түкіріп қойғандай, жастар кітап оқымайды деп жастарды босқа кінәлау әдетке айналғаны жасырын емес. «Оқулық» орталығының жетекшісі мектеп кітапханаларындағы Кеңес заманында басылып шыққан көркем әдебиеттің әбден ескіргенін өзі де мойындады. Кеңестік идеология тұрғысынан жазылған мұндай кітаптарды өскелең ұрпаққа ұсынудың өзі әбес қылық екені анық. Алдағы уақытта бұл мәселені жедел түрде шешіп, мектеп оқушыларына қызықты көркем әдебиеттерді ұсынудың маңызы зор.
«Оқулық» орталығының жетекшісі Ғани Бекетайұлы алдағы бес жылға жоспарланған жобада жастарды қызықтыратын төрт бағыт белгіленіп, сол тақырыптар аясында көркем әдебиеттерді шығарып, оны еліміздегі мектеп кітапханаларына таратуды көздеп отырғанын алға тартты. Осы ретте белгіленген төрт тақырып жайында айта кетсек. Бірінші бағытта мойындалған қазақ әдебиетінің классик ақын-жазушыларының кітаптарын қайта басу көзделсе, екінші бағытта әлем әдебиеті классиктерінің кітаптарын қазақ тілінде сөйлетіп, мектеп жасындағы балаларға қызықты шығармаларды ұсыну қарастырылыпты. Үшінші бағытта қазіргі заманғы талантты жазушылардың шығармаларын кітап қылып шығару қарастырылған. Ал төртінші бағытты ғылыми-танымдық және оқу-әдістемелік әдебиеттерді шығару жоспарланыпты. Осы бағдарлама іске асқан жағдайда еліміздегі мектеп кітапханаларының қоры жыл сайын 20 пайызға жаңарып отырады екен. Тағы да айта кететін жайт, жоғарыда атап өткен бағыттар бойынша таңдалынып алған туындыларды білікті мамандардан құралған арнайы комиссия сұрыптап, талдағаннан кейін кітап болып басылып шығатынын айта кетуіміз керек.
Жалпы, «Оқуға құштар мектеп» жобасы сәтті іске асатын болса, еліміздегі ақын-жазушылардың кітаптары көптеп басылып шығып, ел арасына кең тарайтыны анық. Бұдан кейін ел арасындағы «жастар кітап оқымайды» деген әңгімеге нүкте қойылатыны анық. «Оқуға құштар мектеп» жобасы алдағы уақытта кітап оқуға құмар ұлт деген мәртебелі атымызды қайтаруға септігін тигізетін маңызды бастама болып тұр.

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив