Жас өспірімдерді кітап оқуға баулу » «Мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар № 33 жалпы білім беретін орта мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Алматинская область Управления образованияның
Талғар ауданы бойынша білім бөлімі
мемлекеттік мекемесінің «№33 жалпы білім беретін орта мектебі»
отдела образования Кербулакского района
Приемная
+7(72774) 53200
Бухгалтерия
+7(72774) 53200
Версия для
слабовидящих
17
ноябрь
2021

Жас өспірімдерді кітап оқуға баулу

      Еліміздің азаматтары қазіргі заманға сай білімді, мәдениетті, оған қоса адамгершілік, кішіпейілділік, қайырымдылық, шындық, адалдық, үлкендерді құрметтей білу сияқты асыл қасиеттер бала бойына кітап арқылы біртіндеп сіңеді. Баланы кітап оқуға көбірек баулу және пайдалы оқу үшін, ең басты балаларға кітапты сүюге көмектесу керек. Қазіргі балалардың көбінің қиялдары компьютерлік ойындарға ауып кетуіне қарамастан, кітапханашылар мен ата - аналарда, балаларға кітап әлемін сыйлау мүмкіндігі қарастырылған. Кітап оқуға үйрету үшін ең алдымен ата - аналарға кеңес беру керек. Балаға бір жасынан - ақ кітап ұстатып үйреткен дұрыс. Яғни, ол сәби кезінен бастап кітапты көруге тиіс. Баланы кітапқа қызықтыру үшін суретті, санамақ кітаптардан бастау керек. Үнемі газет - журнал, кітап оқып отырған ата - ананы көрген бала да кітапқа қызығып өседі. 4 - 5 жастан бастап балаға, ертегілер оқып беру керек. 
 
    Кітап оқи алатын бірақ оқуға құлқы жоқ баламен ата-анасы бірге оқиды қызық жеріне келгенде баланың өзін қалдырады. Сонда бала кітапты соңына дейін оқиды. Ата-ана баланы өз бетімен оқып шыққанын мақтап айту керек. Баланы өз бетімен салыстыру керек
    Баланы кітап оқуға көбірек баулу және пайдалы оқу үшін, ең басты балаларға кітапты сүюге көмектесіп, алдын ала бос уақытында оқитын кітаптарының тізімін белгілеп, оны ата - анасы өздері ұсынуға болады. Баланы жас кезінен кітапты құрметтеуге және оны күтіп ұстауға баулыған жөн.
     Отбасы баланың тұлғасын дамытуға ортасы болып табылады, оқуға деген қажеттілік, қызығушылық пен сүйіспеншілік қалыптасады. Сондықтан баланы уақытында оқуға үйретіп қана қоймай, оны оқуды жаксы көруге ұмтылдыра білуіміз керек.
    Кітап оқу мәселесі бүкіл ұлтты толғандыруға тиіс. Кітапқа деген құштарлық – бұл тек кітапханашының ғана жұмысы емес, сынып жетекшісінің және ересектердің де жауапкершілікті болуы. Жастардың рухани дүниесіне де көп көңіл бөліп, көркем әдебиеттерге деген қажеттілікті арттырып, оқуға ынталандыруымыз керек. Осыған орай   тақырыбымызды      « Мектеп пен отбасында кітап оқуды ұйымдастыру жолдары» деп алып  4 сынып оқушылырымен жумыс  жасап бұл жерде ең бастысы сынып жетекшілерінің ата-анамен өте тығыз байланыста болғананын және баланың оқудан тыс уақытын тиімді   пайдаланып оз отбасында оқыған ертегілерін,жаттаған тақпақтарын 
жатқа айтты.
 
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив